Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, үкімет АЭС салуға перспективалы алаңдарды анықтады. Негізгі критерийлер – өңірлердің дамуы, энергиямен қамтамасыз ету және электр желілерінің сенімділігі.
🔹 Балқаш – 1200 МВт-тық төрт блокқа дейін салу мүмкіндігі қарастырылуда.
🔹 Курчатов – әрқайсысы 1200 МВт болатын екі блок салу жоспарлануда.
🔹 МАЭК – орта қуатты станция орналастыруға қолайлы.
Ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанда уран өндіруден бастап АЭС салуға дейінгі бүкіл процесті қамтитын ядролық кластер құру көзделуде. Алғашқы станция Үлкен ауылдық округінде бой көтеруі мүмкін, бірақ түпкілікті шешім инженерлік зерттеулер аяқталғаннан кейін қабылданады.
📸 Фото: Иллюстрация