Көлік министрлігі Зайсан, Катон-Қарағай және Кендерлі аймақтарында бой көтеретін жаңа халықаралық әуежайлардың эскизін ұсынды.
Әуежайлар іске қосылғаннан кейін Қытай мен Моңғолияға тікелей рейстер ашылады. Атап айтқанда, Алтай, Канас, Үрімжі және Баян-Өлгей қалаларына әуе қатынасы орнатылады. Сонымен қатар, Астана, Алматы және Өскеменге ішкі рейстер де жүзеге асырылады.
📍 Катон-Қарағай ауданындағы әуежай
🛬 Әуежай Белқарағай ауылының маңында орналасады.
📏 Жалпы аумағы – 266 гектар.
🛣 Ұшу-қону жолағы – 2200 метр, кейіннен ұзартуға мүмкіндік бар.
🛩 Bombardier Q400, ATR-72 сияқты өңірлік әуе кемелерін қабылдай алады.
📢 «Қазіргі таңда Катон-Қарағайға жылына 100 мыңға жуық турист келеді. Алдағы бес жылда бұл көрсеткіш 250 мыңға дейін артады. Бұл бағыт қазақстандықтар мен шетелдік қонақтар арасында жоғары сұранысқа ие», – деді Көлік министрі Марат Қарабаев.
🛣 Инфрақұрылымды дамыту
Әуежайлар құрылысы жолдарды қайта жаңарту жұмыстарымен қатар жүргізілуде. Бұл Шығыс Қазақстанға келетін туристер санын арттыруға және өңірде ірі логистикалық хаб құруға ықпал етеді.
🚛 Қытай, Қазақстан және Ресей арасындағы жаңа көлік дәлізі ашылады.
🚧 ҚХР-дан келетін туристер үшін жаңа шекаралық өткізу бекетін ашу мәселесі қарастырылуда.
📢 «Бұл жоба аймақ үшін үлкен серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және шетелдік инвестиция тартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
✈️ Жоба туризмді дамытуға, көлік-логистикалық инфрақұрылымды нығайтуға және көршілес елдермен байланыстарды жақсартуға бағытталған.
📷 Фото: Көлік министрлігі