Қазақстанда жалған диплом қолданушылар анықталуда

24

Munarmedia.kz 05.12.2025 /Астана/ Елде құжаттардың заңсыз айналымының алдын алу мақсатында 1991 жылдан бері берілген жоғары білім туралы дипломдардың бірыңғай деректер базасы құрылды. Сондай-ақ олардың мазмұны мен серия-нөмірлеріне қойылатын талаптар бекітілген, деп хабарлайды ҚР Ғылым министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, Қылмыстық кодекстің 385-бабына сәйкес, құжаттарды қолдан жасау немесе жалған құжаттарды пайдалану айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыруға әкеп соғады.

«Бүгінгі таңда 46 жалған диплом және оларды заңсыз дайындаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталды. Барлық материалдар ішкі істер органдарына және Мәдениет және ақпарат министрлігіне тиісті шара қолдану үшін жолданды», – деп хабарлады министрлік.