Munarmedi.kz 30.01.2026/Астана/-«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының портфельдік компаниясы – «QazaqGaz» ҰК» АҚ Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жаңа кәсіпорынның жылдық жобалық қуаты 1 миллиард текше метр газды құрайды.
Қазіргі таңда құрылыс алаңында шамамен 1500 маман еңбек етуде, 346 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Өндірістік процестер барысында еңбек қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.
«Самұрық-Қазына» қорында атап өткендей, жоба қордың қатаң бақылауында тұр. Зауыт іске қосылған жағдайда елдегі газды өңдеу көлемі едәуір артып, газ-химия саласының дамуына серпін береді деп күтілуде.