Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді

53

АСТАНА. 2 шілде. Munarmedia.kz** – Қазақстанда 1 шілдеден бастап наурыз айында өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енді. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы елдің үшінші Конституциясы.

Жаңа Негізгі заңға сәйкес, Қазақстанның ұлттық заңнамасының халықаралық құқық нормаларынан басымдығы айқындалып, мемлекеттік басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, Парламент екі палаталы құрылымнан бір палаталы жүйеге көшеді. Сонымен қатар жаңа консультативтік орган – **Халық кеңесі** құрылып, ол таратылған **Қазақстан халқы Ассамблеясының** бірқатар функцияларын өзіне қабылдайды.

Конституциялық өзгерістер аясында елімізде вице-президент лауазымы қайта енгізіледі. Бұдан бөлек, бірқатар мемлекеттік қызмет басшылары үшін өкілеттік мерзіміне шектеу белгіленеді.

**#Munarmedia #Қазақстан #Конституция #Референдум #Парламент #ХалықКеңесі #ВицеПрезидент #Саясат #МемлекеттікБасқару**