.
🚗 Премьер-министр Олжас Бектенов жол ережесін қасақана және бірнеше рет бұзатын жүргізушілерге қатысты жауапкершілікті қайта қарауды тапсырды.
Оның ұсыныстары бойынша, қайталама тәртіп бұзған жүргізушілерге айыппұл төлеу жеңілдігі берілмеуі, ал заң бұзушылық саны артқан сайын айыппұл мөлшерін көбейту мүмкіндігі қарастырылады.
Сонымен қатар Ішкі істер министрлігіне жүргізушілер үшін баллдық жүйе енгізу мүмкіндігін зерттеу тапсырылды.
Бектеновтің айтуынша, биыл Қазақстанда жол-көлік оқиғалары, қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны азайған. Дегенмен жолдағы қауіп әлі де жоғары.
Апаттың негізгі себептерінің қатарында:
🔹 жылдамдықты шамадан тыс арттыру;
🔹 қарсы бағыттағы жолаққа шығу;
🔹 қауіпсіз қашықтықты сақтамау;
🔹 қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүру сияқты заң бұзушылықтар бар.
Үкіметтің мәліметінше, елімізде жол қозғалысын бақылайтын 30 мыңнан астам камера жұмыс істейді.
📌 Ұсынылып отырған өзгерістер әзірге талқылау және заңнамалық әзірлеу кезеңінде. Нақты тәртіп кейін анықталады.
Munarmedia.kz.28.09.2026.ASTANA
#Қазақстан #ЖолҚауіпсіздігі #Бектенов #Айыппұл #ЖолЕрежесі #Жүргізуші #Munarmedia