2025 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша, жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік төлемдерді МӘСҚ-тен алушылар саны 308,4 мың адамды құрады. Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады. Олардың ішінде 268,6 мың адам осы жылы алғаш рет төлем тағайындатқан. Жалпы төлем сомасы 106,8 млрд теңгеге жеткен. 2024 жылғы көрсеткіш бойынша, МӘСҚ арқылы әлеуметтік төлемдерді 1,4 млн қазақстандық алған. Жәрдемақының ұзақтығы 1-ден 6 айға дейінгі аралықта өзгереді және жоғалған табыстың 45%-ына дейінгі мөлшерде беріледі, бұл жұмыс өтілі мен соңғы екі жылдағы орташа табысқа байланысты.
Қазақстанда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алушылар саны 308 мыңнан асты