Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстандағы әйелдер саны қанша?

84


Қазақстанда 10 381 377 әйел тұрады, бұл ел халқының 51,1%-ын құрайды. Соңғы он жылда әйелдер саны 15,2%-ға өскен.

📍 Қазақстандағы әйелдердің орналасуы:

▪️ 64,4% – қалада

▪️ 35,6% – ауылда

🏆 Әйелдер ең көп тұратын өңірлер:

1️⃣ Алматы – 1,2 млн

2️⃣ Түркістан облысы – 1 млн

3️⃣ Астана – 803 мың

Соңғы он жылда Астана (+82,1%), Алматы (+37,5%) және Маңғыстау облысында (+32,5%) әйелдер саны айтарлықтай артты.

📊 Жас ерекшелігі бойынша бөлініс:

▪️ 18 жасқа дейін – 3,3 млн

▪️ 18 бен 60 жас аралығы – 5,3 млн

▪️ 60 жастан асқандар – 1,7 млн

Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы – 34,1 жыл.

👩‍💼 Жұмыс істейтін әйелдер:

Қазіргі таңда 4,4 млн әйел әртүрлі салаларда жұмыс істейді, әсіресе білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында белсенді.