Қазақстандағы ауа сапасын бағалау көрсеткіштері әлі күнге дейін кеңестік кезеңнен бері айтарлықтай өзгермеген.

51

Munarmedia.kz 08.03.2026 /Astana/ – Соның салдарынан елде қолданылатын зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы халықаралық стандарттардан бірнеше есе жоғары болуы мүмкін. Бұл туралы Vlast.kz басылымы талдау материалында жазды.

Мамандардың айтуынша, Қазақстандағы кейбір экологиялық нормалар World Health Organization ұсынған стандарттардан ондаған есе жоғары. Соның нәтижесінде ресми есептерде ауа ластануының нақты деңгейі толық көрінбеуі мүмкін.

Зерттеуші, «Environmental & Analytical Chemistry Laboratory» зертханасының меңгерушісі Насиба Байматованың пікірінше, ауа сапасының көрсеткіштері ел экономикасына да тікелей әсер етеді.

«Егер қазірдің өзінде аралық стандарттардың өзін енгізсек, онда кәсіпорындар бұрынғыдай көп көлемде зиянды қалдық шығара алмайды. Кейбір өндірістер қысқарып, басқа жерге көшуі мүмкін, бұл экономикаға теріс әсер етуі ықтимал», – дейді ғалым.

Оның айтуынша, қазіргі жағдай кейбір өнеркәсіптік кәсіпорындарға тиімді болып отыр.

«Көп жағдайда кәсіпорындар үшін технологияны жаңартқаннан гөрі айыппұл төлеу арзанға түседі. Ал жаңа технология енгізу әрдайым қомақты шығынды талап етеді», – дейді Насиба Байматова.

Сарапшылар экологиялық стандарттарды біртіндеп халықаралық деңгейге жақындату қажет екенін айтып отыр. Бұл өз кезегінде ауа сапасын жақсартып қана қоймай, халық денсаулығына да оң әсер етуі мүмкін.

Толығырақ: https://t.me/Munarmedia 📲