Қазақстандағы екінші АЭС салынатын орын белгілі болды

37

Munarmedia.kz 03.02.2026 /Астана/ -Қазақстанда салынатын екінші атом электр станциясының нақты орналасатын орны анықталды. Премьер-министр Олжас Бектенов Алматылық облыстың Жамбыл ауданында атом электр станциясын салу туралы тиісті қаулыға қол қойды.

Жобаны жүзеге асыру қытайлық CNNC корпорациясына жүктелген. Аталған компания бұған дейін халықаралық консорциумның жетекші операторы ретінде таңдалған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін атом энергетикасына арналған жобаларды орналастыру үшін бірнеше нұсқа қарастырылған. Атап айтқанда, Балқаш көлі жағасындағы Үлкен кенті мен Курчатов қаласы ықтимал алаң ретінде ұсынылған еді.

Алайда түпкілікті шешімге сәйкес, Курчатов қаласы көмірмен жұмыс істейтін жылу электр орталығын (ЖЭО) салу үшін пайдаланылатын болды. Ал атом электр станциясын орналастыру Алматы облысына бекітілді.

Мамандардың айтуынша, жаңа АЭС елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, оңтүстік өңірлердегі электр энергиясына деген сұранысты өтеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жоба Қазақстанның төмен көміртекті энергетикаға көшу стратегиясындағы маңызды қадамдардың бірі саналады.

Атом электр станциясының құрылысы мен іске қосылу мерзімдері, сондай-ақ экологиялық және қауіпсіздік талаптарына қатысты толық мәліметтер алдағы уақытта жарияланбақ.