Қазақстан құрылысшылар одағы еліміздегі акиматтар мен министрліктердің жұмысын саралап, арнайы рейтинг жасап шықты. Олар кім халықпен ашық сөйлесіп жатыр, кім бюджет ақшасын дұрыс жұмсайды, ал кім жемқорлыққа шатылып жатыр – соның бәрін зерттеген.
Жемқорлық көшбасшылары кім?
2024 жылы Қазақстанда 907 мемлекеттік қызметкер жемқорлық бойынша күдікке ілінген. Оның ішінде жеті аким де бар. Ең көп іс акимат қызметкерлеріне (248 іс) және Ішкі істер министрлігіне (131 іс) қатысты қозғалған. Қызығы, жемқорлық істер азайса да, келтірілген шығын үш есе көбейген – 150 миллиард теңгеге жеткен.
Жемқорлық бойынша ең нашар көрсеткішке ие болғандар:
-
Астана мен Шымкент акиматтары (–10 балл)
-
Алматы акиматы (–9 балл)
-
Түркістан облысы (–6 балл)
-
Павлодар облысы (–5 балл)
Министрліктер арасында:
-
Ішкі істер министрлігі – «антирейтингтің» басында (–10 балл)
-
Ауыл шаруашылығы министрлігі (–5 балл)
-
Қаржы, ТЖ және Денсаулық сақтау министрліктері (әрқайсысы –3 балл)
Ал Сыртқы істер, Мәдениет, Білім, Экономика, Әділет және тағы бірнеше министрлік – ешқандай жемқорлыққа ұрынбаған.
Кім халықпен сөйлесіп отыр?
Құрылысшылар одағы шенеуніктердің әлеуметтік желідегі белсенділігін де бағалаған. Олар Facebook пен Instagram парақшаларын қарап, халыққа жауап бере ме, қабылдауға кіру қиын ба – бәрін есепке алған.
Халықпен ашық жұмыс істейтіндер:
-
Астана әкімдігі (+10 балл)
-
Алматы әкімдігі (+9 балл)
-
Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу (+10 балл)
-
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева (+10 балл)
Халыққа жақын емес, «үнсіз» акиматтар:
-
Улытау облысы (+2 балл)
-
Абай, Маңғыстау, БҚО акиматтары (+3 балл)
-
Су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов (+4 балл)
Бюджет қайда кетті?
Мемлекеттен бөлінген ақшаны қай өңір қаншалықты дұрыс игеріп жатыр? Бұл да маңызды сұрақ. Сарапшылар әр өңірдің бюджетке бөлінген қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын да есептеген.
Бюджетті жақсы игерген өңірлер:
-
Шымкент, Түркістан, ШҚО, Қызылорда облыстары – барлығы +9 балл
Ал ең нашар нәтиже:
-
Атырау, Маңғыстау, Улытау, Абай облыстары – 4–6 балл ғана жинаған
Қағаздағы зауыттар мен аяқталмаған жобалар
Өңірлердің индустриялық даму картасы да тексерілген. Яғни жоспардағы зауыттар, фабрикалар, инфрақұрылымдық нысандар шын мәнінде салынды ма, әлде тек есепте ғана бар ма – соған назар аударылған.
Жобаларды шынымен іске асырып жатқан өңірлер:
-
Қарағанды, Павлодар облыстары (+10 балл)
-
Қостанай, СҚО, ШҚО – 8–9 балл
Ең әлсіздер:
-
Жетісу мен Атырау облыстары (+3 балл)
-
Улытау мен Маңғыстау облыстары (+4 балл)
Жыл үздіктері мен аутсайдерлері
-
Жыл министрі – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу. Ашық, таза, жемқорлықсыз жұмыс істеген.
-
Жыл әкімдігі – Қарағанды облысы. Индустрия, бюджет игеру және құрылыс бойынша үздік нәтиже.
-
Фантом өңірлер – Улытау мен Маңғыстау. Не ашық емес, не ақша дұрыс игермейді, не құрылыс жүрмейді.
-
Жылдың ең әлсіз министрлігі – Ішкі істер министрлігі. Жемқорлық бойынша көш бастап тұр.
Әкімдер халықпен ашық сөйлесіп, іс тындырып жүр. Ал біреулер кабинетте тығылып, баспасөз хатшысы арқылы құр жауап берумен шектеледі. Ал сол арада миллиардтаған ақша «жоғалып», мектептер мен зауыттар құр уәде күйінде қалады.
Орда.kz