Қазақстанның десанттық-штурмдық әскерлерінің 15 әскери қызметшісі әлемге әйгілі партизандық соғыс және джунглиде жауынгерлік әрекеттер жүргізу мектебінде ұйымдастырылған курста оқып жатыр. Оқу Индияда өтіп, теория мен интенсивті практикадан тұрады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.
Курс партизандық топтарды қудалау, тұзақтар ұйымдастыру, өмір сүру және күрделі жағдайларда жауынгерлік әрекеттер жүргізу тактикасын үйретуге бағытталған. Сабақтар күндіз және түнде тығыз өсімдіктер мен шектеулі көру мүмкіндігі бар жағдайларда өткізіледі.
Практикалық бөлікке кіретіндері: террористермен күрес және әскери оқтармен атып үйрену, тактикалық әдістерді пысықтау; экстремалды жағдайларда әрекет ету үшін психологиялық дайындық, жергілікті тұрғындармен тіл табысуды үйрету.
“Мұндай жағдайда практикалық оқыту біздің әскери қызметшілерімізге кез келген климаттық жағдайда жауынгерлік тапсырмаларды орындауға арналған жан-жақты дайындық алуға мүмкіндік береді”, – деді капитан Виталий Стефанович.
Бұл 2024 жылы өткізілген екінші бірлескен шара. Бұған дейін қазан айында Қазақстан мен Үндістанның әскери қызметшілері қатысқан “КазИнд-2024” оқу-жаттығулары Үндістандағы “Сурья” оқу орталығында өтті.
Екіжақты ынтымақтастық аясындағы оқу 30 желтоқсанға дейін жалғасады.