Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстандық олигархтардың шетелдік активтерін қайтарумен енді прокурорлар ғана айналысады

108



Қазақстанда активтердің заңдылық негіздерін тексеру ережелері өзгертіліп жатыр. Тиісті жобаны Бас прокуратура «Ашық НҚА» порталында жариялады, деп хабарлайды «Orda.kz».


Ведомствоның түсіндіруінше, ережелер активтерді қайтару туралы заңға сәйкес өзгертілуде. Атап айтқанда, келесі норманы қосу ұсынылған: активтерді бақылайтын субъектілер, олардың аффилиирленген тұлғалары және мұрагерлері туралы мәліметтер реестрге енгізіледі.


Бұдан бөлек, енді мүлікті тексерумен тек прокурорлар ғана айналыспайды. Қажет болған жағдайда сарапшылар немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері де тартылады. Бұл өзгеріс Бас прокуратураның жақында Интерполды олигархтардың шетелдегі есепшоттарын іздеуге тарту туралы шешіміне байланысты болуы мүмкін, деп жазады басылым.


«Сондай-ақ, активтерді қайтару жөніндегі комитет құзыретті органдардан, шетел мемлекеттерінен, халықаралық ұйымдардан және аффилиирленген тұлғалардан ақпарат сұратуға құқылы», — делінген түсіндірмеде.


Жаңа тәртіп бойынша тексеру мерзімдері де өзгереді — енді ол 60 күннен аспайды. Қажет болған жағдайда бұл мерзім ұзартылады.


«Тексеру сараптамалар тағайындалған, шетелден деректер алынған немесе активтер ерікті түрде қайтарылған жағдайларда тоқтатылуы мүмкін», — делінген құжатта.


Жобаны талқылау 9 қаңтарға дейін жалғасады.