Қазақстандық полицейлер туристерге тағы бір мәрте жанашырлық танытты

26



Munarmedia.kz 22.09.2025 /Астана/ облысында жергілікті полиция қызметкерлері мен құтқарушылар қиын жағдайға тап болған шетел азаматтарына жедел көмек көрсетті. Ресейден Тәжікстанға бағыт алған транзиттік автобус Фёдоров ауданына қарасты Пешковка ауылы маңында техникалық ақауға ұшырап, қозғалысын жалғастыра алмай қалды. Көлік ішінде 73 жолаушы, оның ішінде 13 бала болған.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері, ТЖД мамандары және аудан әкімдігі өкілдері келіп жетті. Жолаушыларға Пешковка ауылында уақытша баспана мен ыстық тамақ ұйымдастырылды. Тәжікстан тарапымен орнатылған байланыс нәтижесінде резервтік автобус жіберіліп, жолаушылар сапарын әрі қарай жалғастыра алды.

Сапарға шыққандар қазақстандық тарапқа шынайы ризашылықтарын білдіріп, көрсетілген көмек пен қолдау үшін алғыстарын айтты.

Бұл оқиға – полиция қызметінің тек қылмыспен күреспен ғана шектелмейтінін, сонымен қатар қиын жағдайға тап болған адамдарға дер кезінде және тиімді көмек көрсету арқылы да өз миссиясын орындай алатынын көрсететін жарқын мысал.

Айта кетейік, бұған дейін де қазақстандық құқық қорғау органдары Ресей, Қытай және Польша азаматтарына көмек көрсеткен болатын.