Қазақстандық төрт теннисші Уимблдон турнирінің іріктеу сатысында бақ сынайды
Жылдың үшінші «Үлкен дулыға» жарысының іріктеу сатысында төрт бірдей қазақстандық теннисші бақ сынайды, деп хабарлады turkystan.kz.
Әлемнің 132-ракеткасы Михаил Кукушкин іріктеудің ширек финалында рейтингіде 278-орында тұрған украиналық Виталий Сачкомен кездеседі.
Әлемнің 163-ракеткасы Денис Евсеевтің қарсыласы – рейтингіде 171-сатыдағы франциялық Маттео Мартино.
Рейтингіде 208-орындағы Бейбіт Жұқаев әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий Родионовпен шеберлік байқасады.
Тағы бір қазақстандық, 229-орындағы Тимофей Скатов әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриномен сынға түседі.