Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстандық жүргізуші куәліктерін Ресейде пайдалануға тыйым салынды

60


1 сәуірден бастап Ресейде басқа елдерде берілген жүргізуші куәліктерін қолдануға болмайды. Бұл тыйым РФ аумағында тұратын қазақстандықтарға да қатысты.

«Парламентская газета» (Ресей Мемлекеттік Думасының ресми басылымы) мәліметінше, шектеу келесі санаттағы азаматтарға әсер етеді:
🔹 1 сәуір 2024 жылға дейін Ресей азаматтығын немесе тұруға ықтиярхат алған шетелдіктер;
🔹 Шетелде жүргізуші куәлігін рәсімдеп, 1 сәуірден кейін Ресейге кірген ресейліктер.

Ресейде шетелдік жүргізуші куәліктеріне тыйым 2023 жылы «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы» заңға енгізілген өзгерістер аясында қабылданды. Енді РФ аумағында шетелдік куәліктер жарамсыз болып саналады, ал бүгіннен бастап бұл шектеу ресми түрде күшіне енді.

«Егер шетелдік азамат 1 сәуір 2024 жылдан кейін Ресейде легализациядан өткен болса, ол ұлттық жүргізуші куәлігін тағы бір жыл пайдалана алады. Алайда, 1 сәуірден бастап шетелдік жүргізуші куәлігімен көлік жүргізу ережебұзушылық болып саналады. Мұндай жүргізушілерге "көлік құралын жүргізу құқығынсыз басқару" бабымен 5 000-15 000 рубль аралығында айыппұл салынады», – деп жазады «Парламентская газета».

🔹 Бұл тыйымнан жалғыз ғана ерекшелік жасалды – Беларус азаматтары және беларусьтік жүргізуші куәліктері бар ресейліктер.

📌 Бұған дейін Ресей Қазақстан азаматтарының уақытша болу мерзімін қысқартқан еді. Бұл туралы біз бұрын жазған болатынбыз.

📸 Фото: Orda.kz