Қазақстандықтар әдемі автономерлерге 11 мың өтінім берген.

44

Munarmedia.kz 07.01.2025 /Астана/ Қазақстан Республикасының Индустрия және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин арнайы ХҚКО-ларда жаңа қызметтің іске қосылуына байланысты туындаған ажиотажға қатысты пікір білдірді.

Еске сала кетейік, қазақстандықтарға көлік құралдары үшін әдемі немесе айна тәрізді мемлекеттік тіркеу нөмірін, сондай-ақ әріптердің қалаған сериясын таңдау мүмкіндігі ұсынылды. Қызметтің алғашқы күні автокөлік иелері арнайы ХҚКО-ларға жаппай ағылып, айтарлықтай қарбалас орын алды.

Ростислав Коняшкиннің айтуынша, қызмет іске қосылған алғашқы күні қазақстандықтар тарапынан 11 мың өтінім қабылданған.

– Жақын арада бұл қызмет онлайн форматқа көшіріледі, – деді бірінші вице-министр.