Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстандықтар АҚШ-та иммиграциялық заңдарды бұзды деген күдікпен ұсталды

351


АҚШ Ұлттық қауіпсіздік департаментінің тергеу басқармасы (HSI) 3 ақпанға дейін Пуэрто-Рикода 100 шетел азаматын ұстағанын, олардың қатарында Қазақстан азаматтары да бар екенін хабарлады. Барлық ұсталғандар депортациялануы мүмкін.

CNN мәліметінше, ұсталғандар арасында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Гватемала, Эквадор, Доминикан Республикасы, Гаити, Мексика, Қытай, Доминика, Бразилия, Британдық Виргин аралдары, Израиль, Италия және Жапония азаматтары бар.

АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі 26 қаңтардан бастап арнайы операциялар жүргізуде. Бұл шаралар Президент Дональд Трамптың заңсыз мигранттарды құжаттандыру, өңдеу және депортациялау туралы жаңа жарлығы негізінде жүзеге асуда.

Пуэрто-Рико – АҚШ аумағы, сондықтан онда Вашингтоннан шығарылған көптеген федералдық заңдар қолданылады.

HSI Сан-Хуан бөлімшесінің мәлімдемесіне сәйкес, Пуэрто-Рикодағы операциялар АҚШ Әділет министрлігі секілді федералды билік органдарының қолдауымен өтіп жатыр.

HSI түсіндіргендей, ұсталғандар Пуэрто-Рико мен Виргин аралдарындағы ICE (Иммиграция және кедендік бақылау), ERO (Босқындарды ұстау және депортация бюросы) және CBP (Кеден-бақылау қызметі) орталықтарында өңделуде.

Бұған дейін АҚШ билігі заңсыз мигранттарға елден өз еркімен шығуды ұсынған, сондай-ақ Қазақстандегі АҚШ елшілігі миграциялық саясаттың қатаңдатылатыны жөнінде ескерту жасаған.


📸 Скриншот: cnnespanol.cnn