Қазақстандықтар мобильді интернеттің жаппай істен шығуына шағымдануда.

33

Munarmedia.kz 09.01.2026 /Астана/ Tele2 / Altel, Beeline, Activ және Kcell абоненттері желі толық ұстап тұрса да, интернеттің мүлде істемей қалғанын немесе қатты баяулап кеткенін айтып жатыр.

Threads әлеуметтік желісінде бір қолданушы Activ байланыс орталығына 25 минут бойы қоңырау шала алмағанын жазды. Оның айтуынша, операторлар интернеттің «бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істемей тұрғанын» және бұған блоктау себеп болғанын хабарлаған.

Ал Kcell абоненті интернеттің ешқандай түсіндірмесіз «қауіпсіздік мақсатында» өшірілгенін мәлімдеді. Басқа да қолданушылар желідегі ақаулардың себебі сыртқы кедергілер болуы мүмкін деген ақпарат таратқан.