Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қазақстандықтар тәулігіне нормадан үш есе артық тұз тұтынады

75



Қазақстан тағамтану академиясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік офисімен бірлесіп зерттеу жүргізді.

Нәтижесінде елімізде ерлердің 100%-ы және әйелдердің 97%-ы күніне 17 грамм тұз тұтынады.

Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған күніне 5 грамм нормадан 3,4 есе артық болып шықты.

Ал тұзды шамадан артық тұтыну қан қысымының жоғарылауына және жүрек-қан тамыры аурулары мен инсульт қаупінің артуына әкеледі.

Мамандың айтуынша, аталған сырқат салдарынан жыл сайын әлемде 3 миллион адам қайтыс болады.