Қазақстанға келген қытай туристерінің саны бір облыстың халқымен теңесті...

20



Қазақстанға 2025 жылдың басынан бері Қытайдан келген туристер саны 665 мың адамға жетті. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев хабарлады деп жазады Ertenmedia.

Оның айтуынша, туристер санының күрт артуына Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің енгізілуі, сондай-ақ екі ел арасында жаңа әуе бағыттарының ашылуы оң ықпал еткен.

Биыл Қазақстан мен Қытай арасында тікелей әуе рейстері едәуір көбейді.



Атап айтқанда, Алматыға Гуанчжоу, Чэнду және Шанхай қалаларынан, сондай-ақ Шымкентке Шанхай мен Сиань қалаларынан жаңа рейстер ашылды.

Бұған қоса, 29 мамырда «Сиань – Алматы» бағытындағы алғашқы туристік пойыз да іске қосылды. Бұл бастама «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті аясында жүзеге асып, екі елдің мәдени және гуманитарлық байланысын нығайтуды мақсат етеді.