Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қазақстаннан қытайлық 26 «турист» шығарылды

95



Жамбыл облысының соты Қытай Халық Республикасының азаматтарына қатысты зауыт құрылысында заңсыз жұмыс істегендері үшін үкім шығарды.


2024 жылдың қыркүйегінде Сарысу ауданында құрылыс нысандарының бірінде рұқсат қағаздарынсыз жұмыс істеп жүрген ҚХР азаматтары ұсталды. Әкімшілік істі қарау барысында құқық бұзушылар айыппен келіспей, кейбіреулері Қазақстанға турист ретінде келгендерін, ал басқалары жұмыс іздеуге келгендерін айтты.


Заңсыз еңбек қызметінің фактісі іс материалдарымен дәлелденді. Сот шешімімен 26 ҚХР азаматы кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.