Қазақстанның Бас прокуратурасы 2025 жылғы жұмысының қорытындысын шығарды

23

Munarmedia.kz 20.01.2025 /Астана/-2025 жыл қорытындысы бойынша прокуратура органдары мемлекет меншігіне жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеден астам активтер мен қаржы қаражатын қайтарды. Заңсыз иемденілген ақша мен мүлік ретінде 470 млрд теңге өндіріліп, мемлекетке тиесілі 193 млрд теңге көлеміндегі дивидендтік төлемдерге құқық қалпына келтірілді.

Сонымен қатар 800 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылып, жайылым тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік туды. Экологияға келтірілген 25 млрд теңге көлеміндегі залал өтеліп, 3,8 мың заңсыз қоқыс орны жойылды.

Цифрлық технологияларды қолдану арқылы 255 млрд теңге көлеміндегі негізсіз мемлекеттік шығындардың алдын алуға қол жеткізілді. Прокурорлардың өтініштері мен наразылықтары негізінде азаматтық және әкімшілік істер бойынша 300-ден астам сот шешімі қайта қаралып, оның ішінде 22 млрд теңге мемлекет пайдасына өндірілді.