Қазақстанның еңбек нарығы – 2025: 1,3 млн вакансия және 1,4 млн түйіндеме

11

Munarmedia.kz 29.01.2026 /Астана/-2025 жылы Қазақстанның еңбек нарығында ұсыныс пен сұраныс көлемі жоғары деңгейде сақталды. Enbek.kz порталында жарияланған деректерге сәйкес, жыл бойы 1,3 миллионнан астам вакансия және 1,4 миллион түйіндеме орналастырылған. Осылайша, бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер арасындағы айырмашылық 125,8 мың бірлікті құраған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, барлық вакансиялардың жартысынан көбі – 665,5 мыңы жұмысшы мамандықтарына тиесілі. Алайда бұл бағытта ұсынылған түйіндемелердің үлесі 48 пайызды немесе 697,2 мыңды ғана құраған. Жұмысшы мамандықтарына сұраныстың ең жоғары шегі шілде айында тіркеліп, 148 мың вакансия жарияланған. Ал желтоқсан айына қарай бұл көрсеткіш 71,5 мыңға дейін төмендеген.

Жұмыс берушілердің белсенділігі бойынша ең жоғары кезең тамыз (141,7 мың), қыркүйек (138,4 мың) және қазан (132,3 мың) айларына сәйкес келген.

2025 жылы жұмыс берушілер арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтар қатарында:

  • медбикелер – 21,7 мың вакансия,

  • тәрбиешілер – 21,2 мың,

  • жүргізушілер – 20 мың вакансия тіркелді.

Ал жұмыс іздеушілер тарапынан ең көп ұсынылған түйіндемелер:

  • бухгалтерлер – 25,1 мың,

  • жүргізушілер – 23,6 мың,

  • тәрбиешілер – 22,1 мың болды.

Жалақы деңгейіне келсек, 2025 жылы ең жоғары еңбекақы:

  • теңіз флотының штурмандарына875–900 мың теңге,

  • өндіру учаскелері басшыларының орынбасарларына714 мың теңгеден жоғары,

  • бұрғылау қондырғыларының машинистеріне700 мың теңгеден бастап ұсынылған.

Ал жұмыс іздеушілердің ең жоғары жалақы талаптары:

  • ұшқыштарда1,9 млн теңге,

  • өндіру қызметтері басшыларының орынбасарларында1,2 млн теңге,

  • кеме капитандарында1,1 млн теңге деңгейінде болған.

Сарапшылардың пікірінше, 2025 жылғы деректер Қазақстан еңбек нарығында білікті кадрларға, әсіресе техникалық және жұмысшы мамандықтарына деген сұраныстың әлі де жоғары екенін көрсетеді. Бұл үрдіс алдағы жылдары да сақталуы мүмкін.