ҚМДБ Астанадағы Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауын берді

24

Munarmedia.kz.06.07.2026. ASTANA – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) шешімімен Астанадағы республикалық Бас мешітке ресми түрде «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді.

ҚМДБ мәліметінше, жаңа атау діни басқарманың тиісті шешімі негізінде бекітілген.

Осыған байланысты қоғамда түрлі пікірлер айтылуда. Бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев әлеуметтік желідегі жазбасында бұл шешімге қатысты өз көзқарасын білдірді.

Бұл өзін «негізін қалаушы» деп аталатын тұлғаға туған күніне жасалған ең үлкен сыйлық шығар. Енді оның есімі мешітке келетін жамағаттың санасында үнемі болады. Қысқасы, «негізін қалаушы» және оның дәуірі қайта оралып жатқандай, – деп жазды ол.

Сондай-ақ Қазбек Бейсебаевтың пікірінше, бұл шешімнің парламенттік сайлау қарсаңында қабылдануы да назар аудартады.

Айта кетейік, Астанадағы Бас мешіт 2022 жылдың тамыз айында ашылған. Ол – Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі мешіт саналады. Діни кешен бір мезетте ондаған мың адамды қабылдай алады және елорданың басты сәулет нысандарының бірі болып табылады.

#MunarMedia #ASTANA #ҚМДБ #Астана #БасМешіт #НұрсұлтанМешіті #Қазақстан #Қоғам #Дін