Қоғам белсендісі Санжар Боқаев тұтқындалды

23

Munarmedia 19.03.2026 /Астана/ — Қазақстан Бас прокуратурасы мәліметінше, Алматы қаласында қоғам белсендісі Санжар Бокаев ұсталды, деп хабарлайды Munarmedia.

Қадағалау органының нұсқасына сәйкес, ол әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі мен құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдар жариялаған.

Сонымен қатар, тергеу деректеріне сүйенсек, күдікті төмен табысты азаматтарды тарта отырып, оларға сыйақы беру арқылы ағаш кесу және ұрлық әрекеттерін ұйымдастырып, қаржыландырған.

Бұдан бөлек, Санжар Бокаев аса ірі көлемде алаяқтық жолымен қаржы жымқырды деген күдікке ілінді.

Ресми мәліметтерге қарағанда, ол жуырда ғана АҚШ аумағында болған.