Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қоғамдық келісім берекенің мен бірліктің іргетасы

762
Қазақстан қай елмен болсын келісім мен татулықта өмір сүруді мақсат еткен мемлекет. Халықаралық қатынастар саласында тәуелсздік алған отыз жылдықта үлкен тәжірибе жинақтап, әлем елдерімен экономикалық байланысты күшейте түсті. Экс –Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Еуразия Экономикалық Одағы осының дәлелі. Қазіргі таңда қоғамда бұл Одақтың жұмысына деген алуан түрлі көзқарастар бар. Біреу Қазақстан үшін тиімді десе, біреуі тиімсіз деген уәжді алға тартады. Біріншіден, Қазақстан мен Ресей арасын бөліп жатқан әлемдегі ең ұзақ 7 мың шақырымдық шекарамыз бар. Ресей мемлекеті әскери қорғаныс саласы мен экономика жағынан әлеуеті зор елдердің бірі. Тәуелсіздік алған жылдары мемлекет басқарғандар арасында аюдай ақырған орыс пен айдаһардай қытай еліне жұтылып кетпеу, экономикалық жағынан тәуелсіз болуды мақсатн еткендіктен және де әлемдегі жаһандану процессі кезінде дүниежүзі картасынан бір ел жоғалып, жаңадан мемлекеттер пайда боып, әлсізді әлді таптап жатқан кезде бұрыңғы Кеңес Одағының құрамындағы мемлекеттердің бірігіп үлкен саясат ойынына араласпау мүмкін емес еді. Оның үстіне Кеңестік Одақтан қалған азын-аулақ қару жарақ әлемде тоғызыншы орынды алып жатқан ұланғайыр даланы қорғап қалуға шамасы келмесі анық еді. Тоқсаныншы жылдар АҚШ пен Ирак, Босния мен Герцоговина (бұрыңғы Югославия жерлері) Шешенстан мен Ресей, Ислам террористері, күрдтер мен түріктер бір-бірімен соғысқан кезде Қазақстан билігі шұғыл саяси шешімдер қабылдауы қажет болғаны ақиқат. Нәтижесінде Қазақстан АҚШ, Қытай, Ресей сынды елдермен толеранттық сыртқы саясат жүргізе отырып, өзінің экономикалық және қорғаныс әлеуетін арттырып алуға уақыт ұтты. Бұл жылдары жалпы посткеңестік елдерде русофобиялық көзқарас дамымаған кез еді. Ресейлік олигархтар қаржылындырып отырған «скинхедтер» тобы Мәскеу, Петербор сынды ірі қалаларда еңбек етіп өзбек, тәжік бауырларымызды ұрып соғу әрекеттері жиі ақпарат арнасынан көріне бастады. Ультраұлтшыл топтардың әрекетін Ресей билігі тежеп отырғанмен жастардың қарқынын тоқтату қиын болды. Осы мақсатта Ресей Думасы арнайы заңда қабылдады. Сонымен қатар Қазақстан тарапына қаратып Солженицын, Никонов, Федоров, Жириновский сынды Ресейдің беделді азаматтарының әрекеттері отқа май құйғандай болды. Дегенмен, Қазақстан билігі сабыр сақтап, дипломатия шеңберінде жауап беріп отырды. Екі ел басшылар В.Путин мен Н.Назарбаев, Қ.Тоқаев пен В.Путиннің жеке кездесулері достық қарым-қатынасты нығайту бағытында өтті. Қазақстан үшін Ресеймен ортақ экономикалық зонада жүріп, саяси шиеленіске бару тиімсіз. Кеңес Одағының он бес мемлекетін экономикалық жағынан біріне-бірін байлап тастаған саясатының кесірінен еліміз электроэнергия, мұнай, өндіріс, ауылшаруашылық саласында байланып қалған еді. Елдегі аграрлық саланың барлық техникасы Ресейден және Белоруссиядын келетін. Трактордың кабинасы Белоруссияда шығарылса, қозғалтқышы Ресейден, доңғалағы Украинадан келетін. Мұндай жағдайда көршілес елдермен саяси, экономикалық байланысты үзіп, екі елдің арасын араздастыруды ойлаған араңдатушылардың сөзіне ерсе Қазақстанның Орталық Азиядағы Ауғанстанға айналып кетпеуіне ешкім кепілдік бере алмас еді. Көпвекторлы саясат жүргізе отырып Қазақстан өзінің экономикалық әлеуетін арттырып, аграрлық, химиялық, өндіріс саласындағы технологияларды дамытып алуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар АҚШ пен Ресей арасында әлем мемлекеттері арасындағы өз ықпалдарын күшейту жарысы барысында Қазақстан екі жақты саясат ұстана отырып, жағдайды тиімді пайдаланып қалудың жолдарын қарастырып келеді. Жалпы русофобияның он сегіз, он тоғызыншы ғасырдың басында Француздардың көшбасышысы Наполеонның заманынан басталғанды. Ресейге геосаяси жағынан өркендеп, кең етек жаюына жол бермеу мақсатында жүзеге асырылды. Адам Смиттің «Бәсекелесіңе бір тілім артық алуына жол берме» деген ойлары капиталистік жолды ұстанған елдердегі саясаи биліктің негізгі ұстанымына айналды. Британия 1918 жылға дүниежүзінің 22% яғни 31 878 965 квадрат шақырым жеріне ие болса Ресейдің аралсуымен көптеген мемлекеттердегі ықпалынан айырылғаны тарихта жазылған. Еуропа Ресейдің жаңа территорияларды қаратуына қарсы болды. Сонымен қатар Ресей аумағындағы табиғи байлықты иеленуді мақсат еткен Еуропа әлсіз тұстан соққы жасаудың барлық тәсілдерін қолдана білді. Ресейді «халықтар түрмесі» атаған Еуропа саясатшылары он тоғызыншы ғасырдың соңынан бастап еуропа елдерінде русофобияның кең таралуына ықпал етті. Себебі Ресей билігі Венгрия, Полша, Франциядағы көтерілістерді басуға қатысып, монрахиялықбиліктің сақталуына ықпал етті. Сондықтанда Ресейді «Еуропа жандармы» деп те атаған. Русофобияның қалыптасуына ықпал еткен коммунизм идеясы. ХХ ғасрыда большевизм мен коммунизмге қарсы әрекет АҚШ тың барлау басқармасының негізгі құралына айналды. 50-жылдарды Кеңес Одағының Мемллекеттік қауіпсіздік Комитеті әлем елдері арасында таралған орыс ұлтына қарсы мифтермен күресуімен болды. Бұл Кеңестер Одағының абыройын кір келтіреді деп есептеді. Қазіргі Украина мен Ресей арасындағы соғыс әлем елдері арасындағы екі ғасыр бойы жалғасып келе жатқан русофоиялық көзқарасты тіптен нығайта түсті. Өткен жолы әлеуметтік желіде Түркияда орыс ұлтының азаматына тиісу, ұру фактілер анықталса, Финляндияда шешен ұлтының әйелі орыстарға деген русофобиялық көзқарасын ашық білдіріп жатты. Әрине, өз басым Ресейдің Украин еліне басқыншылық әрекетін қолдамаймын. Жалпы кез-келген соғысты қолдауға болмайды. Сталиннің заманында АҚШ пен арадағы келісім бойынша НАТО мен Ресейдің ықпал ету шекаралары белгіленген. Демократияны желеук еткен Еуропа елдері осы бір ұтымды сәтті пайдаланып Ресейді әлемдік ықпалынан айыру мақсатында Украина соғысына бар көмекті аяп жатқан. Дүниежүзіндегі ықпалынан айырыла бастаған Ресейдің бастаған соғысы бүкіл әлемде русофобиялық көзқарастың ұлғаюына әсер етті. Біздің елімізде қоғам белсендісі Арман Шораев, Оңғар Қабден сынды журналистер Украинаны қолдаған пікірлерін ашық жариялап жүр. Екі мемлекеттің арасындағы саяси ойынның зардабы іргелес орналасқан Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз, Түркімен және тәжік елдеріне де тиіп жатқаны рас. Бұл жэкономикалық жағынан да және саяси тұрғыдан алған да дәл қазіргі уақытта әлемдік дағдарысқа әкелетін қасірет болары сөзсіз. Осындай саяси ойынның барлығы біздің елде де өршіп тұрған русофобиялық көзқарасты жандандыра түседі. Өзіміздің орыстар және келгендер деп екіге бөліп қарайтын деңгейге жетті. Әсіре ұлтшылдар едімізде ХХ ғасырдың басында келіп мекендеген орыс ұлтының 3,5 млн өкілін елден кетірудің бара амалын жасауда. Әрине бұған Президент Қ.Тоқаев та қарсы. Қандай заман болмасын, қазақ даласын мекендеген кез-келген ұлт, азамат Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқа заң нормаларымен хұқы қорғалған. Олардың елімізде еркін жүріп, түруына, сөйлеуіне, еңббек етуіне және өз пікірін білдіруге хұқы бар. Арамазды жеті мың шақырым бөліп тұрғанда көршілес елден аулақ кету мүмкін емес. Сондықтан елдің болашағы һәм тыныштығы үшін сабыр сақтай отырып, әлеуметтік –экономикалық салада дамудың барлық жолдарын қарастыруымыз. «Алтау араз болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедеге келеді» деген дана халқымыздың нақыл сөзі дәл бүгіңгі кезеңге арналғандай. Бірілк түбі береке деп бекер айтпайды. Өзгелер ілескен аламанған сабырлықпен қарап, алдымыз бен артымызды болжап, ақырын жүріп анық басқанымыз жөн. Біз келешекке кемелденген, дамыған мемлекет қалдыруымыз керек. Соғыс басталар, аяқталар, әлемдік жүйе өзгерер, кешегі жаулар ертең дос болады. Уақытша араздықта санамен ойлап, салиқалы шешім шығарып, ырыс пен ынтымақта өмір сүре берейік, ағайын! Асылбек Байжұмаұлы