Қосшыда сібір жарасынан өлген мал көмілген аумаққа 500-ден астам үй түскен

43


Munarmedia.kz.18.10.2026.ASTANA- облысындағы Қосшы қаласында 500-ден астам жеке тұрғын үй мен 25 аз қабатты ғимарат бұрын мал көмілген орынға қатысты белгіленген санитарлық-қорғау аймағының шегінде орналасқаны хабарланды.

Архивтік деректерге сәйкес, бұл аумақта 1986 жылы сібір жарасын жұқтырған мал көмілген. Нысанның ықтимал қауіптілік мерзімі 2086 жылға дейін белгіленген.

2010 және 2014 жылдары жергілікті билік санитарлық-қорғау аймағын белгілеу туралы қаулылар қабылдаған. Алайда 2021 жылы прокуратура аудандық биліктің тиісті өкілеттігі болмағандықтан, бұл шешімдердің күшін жойған. Содан бері аймақтың жаңа шекарасы бекітілмегені айтылып отыр.

Ақмола облысының әкімдігі тұрғындарды сабырға шақырып, тарихи мал қорымының болуы аумақта қазір белсенді инфекция бар дегенді білдірмейтінін атап өткен. Жердің қауіпсіздігі топыраққа зертханалық талдау жүргізілгеннен кейін анықталуы тиіс. Сондай-ақ қала құрылысына қатысты сараптама өткізу жоспарланған.

Әзірге Қосшы тұрғындарының сібір жарасын жұқтырғаны немесе ауру ошағы тіркелгені туралы расталған мәлімет жоқ. Зерттеу нәтижелері шықпай тұрып, үйлерді бұзу немесе тұрғындарды көшіру туралы қорытынды жасауға негіз жоқ.


#Қосшы #АқмолаОблысы #СібірЖарасы #Қауіпсіздік #ҚалаҚұрылысы #Munarmedia