Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қ.Тоқаев. Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

22

Президенттің айтуынша, Қазақстан Еуразияның төрінде стратегиялық тұрғыдан ұтымды орналасқан, ол еліміздің өңірдегі ең басты сауда және логистика орталығына айналуына мол мүмкіндік береді

🔵

Мемлекет басшысы «Орта дәліз» қазіргі кезде Еуропа бағытындағы ең қысқа әрі сенімді бағдар саналатынына назар аударды. Аталған күрежол арқылы жылына 10 миллион тоннаға дейін жүк жеткізуге болады. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс пен Батыс арасындағы сауда-саттықты одан әрі жандандыра түсу үшін «Орта дәлізді» Трансеуропа көлік желісімен және Еуропа Одағының «Жаһан қақпасы» бастамасымен ұштастыруды ұсынды.

🔵

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Германиямен фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің келешегі зор деп санайды. Еліміз дәрі-дәрмек пен медицина жабдықтары өндірісін белсенді түрде дамытып келеді. 2025 жылға қарай ішкі нарықтағы отандық өнім үлесін 50 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

🔵

Президент Қазақстанда ауыл шаруашылығын дамытуға да мемлекет тарапынан айрықша мән беріліп жатқанын айтты. Әлемдегі ірі бидай экспорттаушылардың бірі ретінде еліміз агроөнеркәсіп кешенін жаңғыртуға, салаға жоғары технологиялар мен агротехнологиялық инновацияларды енгізуге мүдделі.

– Қазақстан Еуразиядағы жетекші ақпараттық технологиялар орталығына айналуды көздейді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанды цифрлық технологияларды енгізу жағынан үздік 30 елдің қатарына қосты. Біз ғылыми-зерттеу жобалары, стартаптар, техникалық білім беру және тренингтер ұйымдастыру, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы жаңа IT-жобаларды жүзеге асыру арқылы ынтымақтастықты барынша кеңейтуге ұмтыламыз,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.