Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Құлыбаева ҚБТУ үшін күреске шықты...

86



Динара Құлыбаева ҚБТУ-дың мемлекет меншігіне қайтарылуына ашық түрде қарсы шықты. Бұған дейін университеттің 100 пайыз акциясы мемлекетке өткен болатын.

Құлыбаева басшылық ететін "Назарбаев білім қоры" бұл әрекетті заңсыз деп санап, сотқа жүгінгелі отыр.



Депозитарий дерегінде "Қазақстан-Британ техникалық университеті" осыған дейін "Назарбаев білім қорына" тиесілі болғаны көрсетілген.

Қордың негізін қалаушы және құрылтайшысы – экс-президенттің екінші қызы Динара Құлыбаева.

"Біз келген сәтте оқу орнының жағдайы мәз емес-тін. Ғимаратқа ұзақ уақыт бойы жөндеу жүргізілмей, техникалық ахуалы сын көтермейтін күйге жеткен. Лифтілер істемей, шатырынан су кетіп, есік-терезелері ескіріп, іріп-шіріп тұрған еді. ҚБТУ-ға соңғы жеті жылда 18 млрд теңге инвестиция құйдық", - дейді қор өкілдері.

Құлыбаева "университетке салынған инвестиция ешқашан коммерциялық мақсатты көздемеді, біз бұған дейін де, қазір де дивиденд алмадық" деп, сотта өз позицияларының дұрыстығын дәлелдемек.