Қырғыз
Жоғарғы кеңесі 25 қыркүйекте «Халық құрылтайы» туралы заңды қабылдамай тастады.
Жылына бір рет өткізілетін құрылтайға 700 делегат қатысады деген болатын. Заң
жобасында әрбір делегаттың құқытары мен міндеттері жазылған. Дауыс беру
нәтижесінде 7 депутат қолдап 60 депутат қарсы шықты. Агенттігінің
хабарлауынша, депутаттар көптен бері құрылтайды қызғанып жүрген. Олардың
пкірінше, Құрылтай туралы заң қабылданса Жоғарғы кеңес тарауға мәжбүр болады
дейді. Сарапшылардың пкіріне қарағанда президенттік басқару формасына өткен Қырғызда
жетінші шақырылымның 21 депутаты өз мандатын кері тапсырған. Президенттің
жарлығы бойынша кезекті құрылтайды 20 желтоқсанда өткізу жоспарланған. Халық
құрылтайы бақылаушылық және консультативтік орган болып құрылып, қоғамның даму
бағыты бойынша ұсыныстар береді делінген.