Қырғызстан парламенті «Рәсімдер, мерекелер мен дәстүрлерді өткізудегі ысырапшылдықты шектеу туралы» заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды 24.Kg.
Отбасылық бюджетке ауыр салмақ
Құжаттың түсіндірме жазбасында тойлар мен қаралы рәсімдердің отбасылық қаржыға едәуір зиян келтіретіні айтылған.
«Көп жағдайда отбасылар мұндай шараларды өткізу үшін несие алады. Бұл ауыр қаржылық салдарға, тіпті ажырасуға әкеліп соғады», – делінген заң жобасында.
Шектеулер қандай?
Заң жобасында тойларда сойылатын мал саны мен қонақтар санын шектеу ұсынылған.
Депутаттар мына шараларға тыйым салуды ұсынады:
▪️ үшінші, жетінші, қырық күндік және жылдық астарды өткізу;
▪️ үйлену тойына 250-ден астам адам шақыру;
▪️ қалыңдықты ұзату рәсіміне 100-ден артық адам қатыстыру;
▪️ тойға үштен көп көлік пайдалану;
▪️ қосымша шығындар, сыйлықтар,
▪️ қонақтарға арналған себеттер мен киім;
▪️ қажылыққа аттанушылар мен қажылықтан оралғандарды салтанатты түрде шығарып салу және күтіп алу.
Заң бұзғандар үшін айыппұл қарастырылған:
⚖️ Жеке тұлғалар – 300 мың сом (шамамен 1,8 млн теңге),
⚖️ Заңды тұлғалар – 100 мың сом (590 мың теңге) төлейді.
📷 Фото: Pixabay