Қырғызстанда қазақстандықтардың болу тәртібі өзгерді — Погранслужба түсіндірме берді

17

Munarmedia.kz 06.12.2025 / Астана/ Қырғыз Республикасына сапарлайтын отандастар үшін жаңа тәртіп күшіне енді. Енді Қазақстан азаматтары көрші ел аумағында алғашқы кіру күнінен бастап 180 күндік кезең ішінде 90 күнге дейін еркін бола алады.

Алғашқы 30 күнге тіркеу талап етілмейді. Алайда осы мерзімнен кейін Қырғызстанда ұзақтау қалуды жоспарлағандар міндетті түрде тіркеуден өтуі тиіс.

Шекара қызметінің мәліметінше, 90 күннен артық уақыт тіркеусіз жүрген жағдайда азаматтың Қырғызстанға қайта кіруіне 90 күнге шектеу қойылады.

Сонымен қатар, елде заңды түрде болу мерзімін ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін азаматтың:

  • тұрғылықты жері бойынша тіркеуі;

  • ықтиярхат;

  • уақытша тұруға рұқсат;

  • «Қайрылман», «Мекен-карт», «Резидент-карт» секілді мәртебелері;

  • немесе Қырғызстан қатысушы болып табылатын халықаралық келісімдерде көрсетілген өзге де құжаттары болуы қажет.

Погранслужба жаңа тәртіптің екі ел арасындағы көші-қон рәсімдерін реттеуге және азаматтардың құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталғанын атап өтті.