Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қырғызстанда қоғамдық орындарда хиджаппен жүруге тиым салынды — Жапаров дін саласындағы заңға қол қойды

59


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров діни саладағы заңға қол қойды, оның аясында беті жабық киім киіп қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынады.

Сонымен қатар, дінді тықпалау, қарттар үйінде, әскери бөлімшелерде және түзету мекемелерінде діни рәсімдер өткізу де тыйым салынған.

Діни әдебиеттерді қоғамдық орындарда, мектептерде, балабақшаларда тарату да енді заңмен шектелген, сондай-ақ үйлерді аралау арқылы таратуға да тыйым салынды.

Бұдан бөлек, «Саяси партиялар туралы» заңға діни негізде партиялар құруға тыйым салынды. Сонымен бірге жергілікті кеңестер мен Жогорку Кенеш депутаттарының мәртебесі туралы заңдарға өзгерістер енгізілді, енді мемлекеттік қызмет діни қызметпен үйлеспейді.