Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев барлық мемлекеттік атақтары мен ордендерінен айырылды.

53

Munarmedia.kz 30.12.2025 /Астана/ – Тиісті жарлыққа Қырғыз Республикасын 2011–2017 жылдары басқарған Алмазбек Атамбаевке қатысты елдің қазіргі президенті Садыр Жапаров қол қойды.

Атап айтқанда, Атамбаев Қырғызстанның Батыры атағынан, сондай-ақ «Манас» орденінің (екінші дәрежесі), «Данакер» орденінің және «Данк» медалінің иегері мәртебесінен айырылды.

Бұған дейін Қырғызстан соты Алмазбек Атамбаевті сырттай 11,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Ол жер телімдерін заңсыз иемдену, жылу электр орталығын жаңғырту кезінде заңсыз баю және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру ісі бойынша кінәлі деп танылған.