Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қытай коммунистік партиясы елдің экономикалық саясатын анықтайды

92


 

АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ- Ресми деректер көрсеткендей, Қытай экономикасы екінші тоқсанда баяу өсуде. Бұл мәселені талқылау үшін негізгі кеңеске елдің жоғары басшылығы жақын арада жиналмақшы.

Маусым айындағы есепке қарағанда ел экономикасы  соңғы үш ай ішінде ол 4,7% -ға өсткен. Алайда бұл жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда өте төмен көрсеткіш деп есептейді.

«Қытай экономикасы екінші тоқсанында тежеліп кетті», - деді Moody's Analytics компаниясынан Херон Лим және сарапшылар Бейжіңде өтіп жатқан Үшінші пленум деп аталатын кездесуде қабылданатын шешімдерден үміттенетінін айтты.

Әлемдегі екінші ірі экономика жылжымайтын мүлік саласындағы дағдарыспен, сыртқы қарыздар және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне тап келіп отыр. Бұған дейін Қытай Еуропаға жаппай электромобильдерді шығара бастаған еді. Алайда АҚШ 100%, Еуроодақ 40% салық салғаннан кейін бұл саладағы сауда жұмыстары қарқыны да тсүіп кеткені белгілі.

1978 жылы сол кездегі көшбасшы Дэн Сяопин Қытай нарығын бүкіл әлем үшін ашса,  2013 жылы төраға Си Цзиньпин қарама-қайшы «бір отбасы - бір бала» саясатын жұмсартуға итермеледі.

Сондықтан биылғы пленумда Си мырза Қытай Коммунистік партиясының 370-тен астам жоғары лауазымды мүшелерінің жабық жиналысына төрағалық етеді және Қытайдың саяси-экономикалық бағыты таңдалады деп күтілуде.

Алайда бақылаушылар Си мырзаның билігі тұсында өз сөзін батыл айтатын және тың идеялар әкелетін пікірталастар орын алмайды деп отыр.

Үшін пленум қабылдаған шешімдердің әлемдік экономикаға айтарлықтай әсері болатынын есепке алсақ, батыс елдерінің де бұл шешімдерге басты назар аударып отыру себебі түсінікті болып отыр.

Дегенмен, сарапшылар партияның экономикалық басымдықтарын көрсететін мәлімдемелерді қадағалайтын болады.