Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қытай, Ресей және Иранның Бейжіңдегі кездесуі – Қытайдың соңғы дипломатиялық күш-жігерінің көрінісі

61


2025 жылғы 13 наурыз күні Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин баспасөз мәлімдемесін жасады.

Сұхбат барысында журналистердің Қытай, Ресей және Иранның Бейжіңдегі кездесуіне қатысты сұрағына жауап берген Мао Нин:

"Қытай бұл кездесудің өтетінін алдын ала жариялаған болатын. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі әрі Иранның ядролық мәселесі жөніндегі жан-жақты келіссөздерге қатысушы мемлекет ретінде Қытай әрдайым бұл мәселені саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдап келеді. Біз ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық тетіктерді сақтап, Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосуды мақсат етеміз.*

Бейжіңдегі кездесу – Қытайдың соңғы дипломатиялық бастамаларының бірі. Бұл шара тараптар арасындағы байланысты нығайтып, келіссөздер процесін қайта бастауға жағдай жасауға бағытталған. Қазіргі жағдайды ескере отырып, барлық мүдделі тараптар сабыр сақтап, Иранның ядролық мәселесін шиеленістіруге, тіпті жанжал мен қақтығысқа ұластыруға жол бермеуі керек деп санаймыз.

Қытай барлық тараптарды өзара түсіністікке келуге, сенімді нығайтуға, күдіктерді сейілтуге және келіссөздерді қайта бастау үшін нақты қадамдар жасауға шақырады"*, – деді Қытай СІМ өкілі.