Ол кадр сыртында — есінен танып қалғанша құсатын дейді дос ары. Денсаулығын құртып жатқанын өзі де мұны білетін. Өлерінен үш күн бұрын ауруханада тамырға дәрі құйдырып жатып, соңғы видеосын жазып қалдырған. Танысыңыздар: Чэнь Цзыи, желідегі лақап аты — Ганьфань Инъин, яғни «Тамақ жейтін Инъин». Kuaishou платформасында 1,23 миллион жазылушысы болған. Арық қыз камера алдында бес ер адамның жейтініндей тамақ жейтін. Оның басты «ерекшелігі» — бір стрим кезінде 60–70 дана консервіленген ғасыр жұмыртқасын жеп, бір үйректі пекинше дайындап, 10 минутта тауысып қоятын. Бір отырыста 10 келіге дейін тамақ жейтін. Алгоритм оны жақсы көрді. Неғұрлым көп жесең — соғұрлым көп қаралым. Неғұрлым көп қаралым — соғұрлым көп ақша түседі. Ол өзі «Сырт көзге бәрі әдемі көрінеді. Ал кадр сыртында түні бойы ұйықтамай, тоқтаусыз тамақ жейсің»дейді. Арық болып қалу үшін ол әр стримнен кейін әдейі құсатын. Күн сайын. Осылай жылдар бойы жалғасты. Бұл — булимия деп аталатын тамақтану процессін бұзатын әдіс. Құсқан кезінде адам тек тамағын жоғалтпайды, калийден де айырылады. Ал калий — жүректің қалыпты жұмыс істеуі үшін аса маңызды элемент. Қандағы қалыпты калий мөлшері — 3,5–5,5. Ал жедел жәрдем келген кезде оның көрсеткіші 2,3 болған. Бұл — жүректің тоқтап қалуына әкелген. 2026 жылғы 14 тамызда ол ауруханадан видео жариялады. Тамырға дәрі құйылып жатыр. Бояунбаған, әбден жүдеп кеткен. Ақырын ғана «Калий деңгейі түсіп кетті. Мені ауруханаға жатқызды. Осынша көп тамақ жегеннен кейін калийім төмендейді. Дәрігерлер маған калий беріп жатыр. Қазір 3,3 болды, ал 2,3 еді. Маған Пекинге барып, генетикалық тест жасатуға кеңес берді».» Бірақ ең бастысы — оның соңғы сөзі еді. "Ақша табу маңызды. Бірақ денсаулық әрқашан бірінші орында болуы керек. Өтінемін, ұйқыларыңызды қандырып, өздеріңізді күтіңіздер. Менің денем әлдеқашан белгі бере бастаған еді».» Үш күннен кейін — 2026 жылғы 17 тамызда — ол қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, гипокалиемия салдарынан жүрегі тоқтаған. Ата-анасы оның қайтыс болғанын тек 4 қыркүйекте хабарлады. Олар "Сенің күлкіңді ешқашан естімейміз. Жаның жәннатта болсын, — деп жазды.» Ол небәрі 24 жаста еді. 2002 жылғы 24 наурызда дүниеге келген. Бұл — мұндай жағдайдың алғашқысы емес. Бұған дейін Қытайда Пан Сяотин, 24 жастағы блогер, 10 сағаттық тікелей эфир кезінде қайтыс болған. Хабарламаларда оның асқазаны шамадан тыс тамақтану салдарынан зақымданғаны айтылды. Түркияда да 24 жастағы Эфеджан Культур қайтыс болды. Оның өлімі де тамақтану контентімен байланысты болды. Қытайда мұндай тамақтану көрсетілімдеріне қарсы шаралар 2020 жылы-ақ енгізілген. Азық-түлікті ысырап етуге қарсы заң аясында 10 мың юаньға дейін айыппұл қарастырылған. Бірақ заң алгоритмді тоқтата алмады. Мәселе «оның тым көп тамақ жегенінде» ғана емес. Мәселе — жастарға өз денсаулығын камера алдында құрбан ету арқылы ақша табуға мүмкіндік беретін индустрияның қалыптасуында. Ал адамдарға қызық керек. Лайк басамыз....