Munarmedia.kz 20.01.2025 /Астана/-Қытайдың ірі іскерлік орталықтарының бірі саналатын, халқы шамамен 19 миллион адамды құрайтын Гуанчжоу қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы өз жұмысын бастады.
Өткен жылы Гуанчжоудан Алматыға тікелей әуе рейстері ашылған болатын. Бұл бағыттағы рейстерді қытайлық China Southern Airlines әуе компаниясы орындайды. Тасымалдаушы рейстердің жиілігін аптасына үш реттен бес ретке дейін арттырған.
Гуанчжоудағы Бас консулдық Қазақстан үшін Қытай аумағындағы алтыншы дипломатиялық өкілдік болып отыр. Бұған дейін еліміздің Бейжіңдегі елшілігімен қатар Шанхай, Гонконг және Сиань қалаларында бас консулдықтары, сондай-ақ Үрімші қаласында паспорттық-визалық қызметі жұмыс істеп келген.