Ресей мен Украинаға көмек көрсетіп келеді деп айыпталған Қытайдың билігі
сыртқы істер министрі арқылы жуап қайтарды.
Қытай батыс альянсын елдер арасында от салып, бос сөзге құмартпауын
ескертті. Бұл мәлімдемені қытай сыртқы істер министрі НАТО саммиті өткен соң
бірнеше сағаттан кейін Голландиялық әріптесімен телефон байланысы арқылы
сөйлескенде мәлімдеді.
НАТО Қытайды Ресейдің қорғаныс өндірісі саласына барынша көмектесіп отыр
деп айыптауда. Олар Қытайды «саяси және материалдық» көмек көрсетуден бас тартуды
және екі жақты пайдалануға жататын азаматтық және әскери мақсаттарға қажетті
заттарды тасымалдауды доғару керек деп отыр.
Батыс елдері Пекинді Москваға спутниктік түсірілім жасайтын аппараттар мен
дрондар, микроэлектроникалардың 90% жіберіп отыр дейді.
НАТО «Қытай Ресей, Солтүстік Корея сияқты елдерге көмектесуін қоймаса одан
ешқандайда экономикалық пайда таба алмай қалуы мүмкін және біздің батыс
инвесторлары өзінің Қытайға инвестициясын қысқартады» деп ескертті.