Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Қытайлық компаниялар мен банктер АҚШ-тың Ресейге қарсы енгізген жанама санкцияларынан қорқуды доғарады,

67



  Бұл туралы Ресей Жоғары экономика мектебі жанындағы Еуропалық және халықаралық кешенді зерттеулер орталығының директоры Василий Кашин URA.RU агенттігіне берген сұхбатында айтты.

2022-2023 жылдары Ресей мен Қытай арасындағы тауар айналымы қарқынды өскен. Алайда 2024 жылы өзара есеп айырысудағы қиындықтар өсу қарқынын бәсеңдетті. Қытайдан Ресейге ақша аудару оңай болғанымен, Ресейден Қытайға тауар үшін төлем жасау қиындады. АҚШ Азиядағы банктер мен компанияларды санкциялармен қорқытып, Ресейге қосарланған мақсаттағы өнім жеткізілімін тоқтатуды көздейді.

Кашиннің пікірінше, қазіргі жағдай өзгеруі мүмкін. Өйткені көптеген қытайлық кәсіпорындар АҚШ нарығынан шеттетілгендіктен, батыс санкцияларынан қорқу себептері азайып, Қытай мен Ресей арасындағы есеп айырысу жағдайы жақсара түсуі мүмкін.

Еске салсақ, 2 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп шетелден әкелінетін импортқа қарсы тарифтер енгізді. Бұл тарифтердің ең төменгі мөлшері 10% болса, Қытайға 34%, Вьетнамға 46%, Еуроодаққа 20% болды. 9 сәуірде Трамп 75 ел үшін тарифтерді уақытша тоқтатып, Қытайға қарсы тарифтерді 125%-ға дейін көтерді.

Пекин бұл шараларға қарсы 84% көлемінде тарифтер енгізген, ал келесі күні Трамп Азиядағы ең ірі экономикаға қарсы тарифтерді 145%-ға дейін көтерді.