Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Қызылжарда көгерген үйде тұратын қандас мүгедектігін ала алмай жүр

orda.kz
59


Біздің редакциямыз және Orda.kz  қытайдан келген қандасымыз Гүлзира Рамазан туралы жазған едік. Гүлзира Рамазан 85 жастағы анасымен және 12 жастағы баласымен бірге тұрады. Су тасқыны кезінде үйінің қабырғалары жарылып кеткен. Үйдің іші көгеріп, демалудың өзі мүмкін емес. Салдарынан қарт ана да Гүлзираның өзі де ауруға ұшыраған. Оншақты рет талпыныстан кейін обылс әкімі Марат Ахметжановпен кездесудің сәті түсіпті. Облыс әкімі Қызылжар ауылының әкімі Серікжан Мәкішке тапсырма беріп үйлердін тексеруді және тиісті көмек көрсетуге пәрмен берген. Көкшета мәслихатының төрағасы Дастан Акимов көмір түсіріп беріпті.

Өкінішке орай, үйді тексеруге ешкім келмеген. Анасы алты рет ауруханаға жатып, өзі де ауырып қалған Гүлзираны жергілікті емханаға шақырады. Кіріп барғанда «шешініңіз» деген талапты дәрігерден басқа ер адамның тұрғанын көріп шығып кеткен. Алайда оның да дәрігер екенін және бұл мүгедекті анықтайтын комиссия екенін ешкім түсіндірмеген. Нәтижесінде Гүлзираға мүгедекті тоқтатудан бас тартып, Астанаға баруға кеңес берген.  Облыс әкімінің тапсырмасын орындамаған ауыл әкімі қарттар айлығында ащын-аулақ тәтті кампитпен орынбасарын жіберіп, фотоға түсіп, батасын алумен тәмамдалыпты.

Облыс әкімінің сөзі өтпейтін Қызылжарда қыстың көзі қырауда, көгерген үйде, айықпас ауруға шалдыққан Гүлзира ханым атажұртқа оралғанына өкініп отыр. Расында біздің елдегі шектен шыққан бюрократтық пен жемқорлық халықтың ғана емес бүтін мемлекеттің көркейіп дамуына кедергі келтіріп отырғаны сөзсіз. Астанда қымбат шетелдік көлігі бар облыс басшылары жарты сағат уақыттарын қиып, қиналған жанның үйін көзімен көріп, тиісті көмек көрсетіп, берген тапсырманы орындамаған жергілікті шенеуніктерді жазалауға болар еді ғой. Бір кем дүние деген осы ...

 

Дидар Қайрат