Үкімет бұрынғы ядролық полигон аумағындағы 71 гектар жерді алтын өндіруге берді. Бұл учаскені алған компания Ұлыбритания бизнесімен байланысы бар, алайда оның артында қазақстандықтарға жақсы таныс есімдер жасырынған.
«Орда» порталы Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбының бұл іске қандай қатысы бар екенін анықтады (экс-президенттің аты аталған тағы бір қызықты материал жоғарыда бар).
2025 жылғы 27 наурызда премьер-министр Олжас Бектенов бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы 71,37 гектар жер учаскесін беру туралы қаулыға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, жер қордағы жерлер санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс және ауыл шаруашылығына жатпайтын өзге де мақсаттарға, соның ішінде ядролық қауіпсіздік аймағына ауыстырылған.
Аталған жер «Altyn Group Qazaqstan» ЖШС-іне 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен берілді. Учаске «Үлкен Қарашоқы» кен орнын игеру үшін пайдаланылмақ.
Сонымен қатар, компания жайылымдық жерлерді алып қою салдарынан келтірілген шығынды республикалық бюджетке өтеуге міндетті. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.