Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Рамазан айына 4 күн қалды

егемен
48

Діни басқарма бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді, .Кестеге сәйкес биыл ораза 29 күнге созылады.

Рамазан – мұсылманның тән ләззаттарынан уақытша тыйылып, рухани әлеуетін арттыратын қасиетті ай. Бұл айда адамдар құдайға құлшылығын арттырып, ізгі әрекеттерді көптеп жасауы тиіс.

Сондай-ақ бұл айда тамақтан ғана емес, бейпіл сөздер мен қажетсіз әңгімеден де тыйылған дұрыс. Бұл туралы Шәкәрім Құдайбердіұлы «Мұсылмандық шарты» еңбегінде былай дейді:

«Қалай болса солай күнәдан тыйылмай, аузына не келсе соны сөйлеп жүргендей ораза сауапты болмайды. Бәлкім, қабыл да болмас деген қауіп бар».