Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Реалити-шоуда жеңіске жетсең — АҚШ азаматтығын аласың

37



Munarmedia.kz, Астана 2025 жыл - АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың әкімшілігі иммигранттарға арналған ерекше реалити-шоудың тұжырымдамасын қарастыруда. Бұл жоба бойынша қатысушылар шоуда жеңіске жету арқылы америкалық азаматтық алу мүмкіндігіне ие болады.

Немістің BILD басылымының хабарлауынша, бағдарламаға қатысушылар кімнің «нағыз америкалық» екенін дәлелдеуі тиіс. Миссиялар ретінде, мысалы, алтын іздеу немесе ескі Ford көлігін жинау сынды тапсырмалар болуы мүмкін.

Бағдарлама идеясын ұсынған Роб Уорсофф бұл жобаны «мигранттар үшін аштық ойындары» деп атауға болмайтынын айтты:

«Біз ешқашан „Жеңілдің — қайықпен кері қайт!“ демейміз», — деп қалжыңдады ол.

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі бұл жобаны «патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті жаңғыртудың мүмкіндігі» деп бағалап отыр. Реалити-шоудың басты концепциясы — америкалық азаматтықтың қандай үлкен артықшылық екенін сезіну мен оны қадірлеуге үйрету.

Айта кету керек, Дональд Трамптың өзі кезінде танымал реалити-шоулардың біріне қатысқан. Қазіргі таңда ол заңсыз миграцияға қарсы қатаң саясатты қолдап келеді.

Фото: Pixabay