Роскосмос келесі жылдан бастап Байқоңыр ғарыш айлағын консервациялау туралы жабық консультациялар өткізе бастады дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Роскосмос мекемелері, әсіресе маңызды болып саналатын жер серіктерін жасайтын «Хруничев орталығы» мен зымыран құрастыратын РКЦ «Прогресс» санкцияға ұшырағалы бері, Ресейдің ғарыш ведомствосы ауыр қаржылық жағдайға душар болды. Барлық халықаралық тапсырыстар тоқтағандықтан, ал Ресей әскерилері спутниктерін Плесецк ғарыш айлағынан ұшырып жүргендіктен, Байқоңырдан Роскосмосқа шығыннан басқа ештеңе түспей отыр.
Ресей онсыз да Байқоңырда барынша қысқарып, 234 нысанды Қазақстанға қайтарып берген болатын. Өзіне тек ғарышқа зымыран ұшыратын инфрақұрылымды сақтап қалған. Бірақ оның өзін ұстап тұруға қажет шығындарды жаба алмайтыны байқалады. Ресей Федерациясы 2050 жылға дейін созылған келісім бойынша Байқоңырды жалға алғаны үшін Қазақстанға жылына 115 миллион доллардан төлеп отыруы тиіс. Биыл Ресейдегі бюджет дефициті 2 триллион рубльден асатыны болжанып отыр. Ол ішкі жалпы өнімнің 1,1 пайызы болады.
Роскосмостың жағдайы өте мүшкіл. Оған не мемлекет көмектесуі керек, немесе нарықтан қарыз алуы тиіс. Биылдан бастап Роскосмос облигация шығару құқығына ие болды. Ол Ресей Қаржы министрлігінің «мекеме нарықтан өзі қарыз алсын, біздің оған тікелей субсидия беретін жағдайымыз жоқ» ишарасын білдіреді.
Ресей кетіп қалған жағдайда, Қазақстан өз бетінше Байқоңырды тек музейге айналдыра алады. Себебі қазір біз жыл сайын ғарышқа бөліп отырған 1 миллиард теңге ештеңеге жетпейді. «Восточный» әуежайын сақтап қалып, дамытып, Байқоңырды шетелдік туристер келетін культті орынға айналдыру идеясы жаман емес. Немесе Байқоңырды кәдімгі ғарыш старты ретінде сақтап, дамыту үшін Қытай, әлде Илон Маскқа жүгіну ғана қалып отыр.
https://t.me/dalainside