Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ресей агенті қазақ белсендісін Украинадан ұрлап әкетпек болған

85



Қазақстандық белсенді Қуат Ахметовті Украинадан ұрлап әкетпек болған ресейлік агенттің жоспары іске аспай қалған. Бұл жайт "Досье" орталығы журналистерінің қолына түскен Ресей барлау қызметінің құпия құжаттарынан белгілі болған.

“Украинада тұратын қазақ ұлтшылы Қуат Ахметовті ұстау бойынша арнайы операция жоспарланды. Ол үшін алдымен Украина ішкі істер министрлігіндегі агенттер арқылы оның байланыс деректерін алып, ұялы байланыс трекингін сұраттым. Дегенмен, Қуат Ахметов өзін аңдып жүргенін біреулерден естіп қалған сияқты. Оның қайда екенін таптым дегенде, ол Түркияға қашып кеткен болатын. Артында ешқандай із қалдырмаған, ешқандай сауда жасамаған, ықтиярхат алмаған. Оның әрекетін Қазақстанның арнаулы қызметі басқарып отыр деуге толық негіз бар” делінген досье деректерінде.