Munarmedia.kz 12.03.2026 /Astana/ – Ресей Армениядағы алдағы парламенттік сайлау қарсаңында елдегі билікті өзгерту мақсатында саяси үдерістерге ықпал етуі мүмкін. Мұндай пікірді «Тәуелсіз бақылаушы» блогының мүшесі Даниэль Иоаннисян «Радио Свобода» радиосына берген сұхбатында айтты.
Оның мәліметінше, Ресей армян кәсіпкерлеріне Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) арқылы қысым көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар, Ресей аумағынан шамамен 80 мың сайлаушыны Арменияға жеткізу жоспары қарастырылып отырғаны айтылды.
Иоаннисянның айтуынша, бұл сайлаушылардың жол шығындарын жабу көзделген. Сондай-ақ кейбір азаматтарға сайлау алдындағы материалдық ынталандыру ретінде 100 мың рубль көлемінде қаражат ұсынылуы мүмкін екені айтылған.
Алайда бұл мәлімдемелерге қатысты ресми Мәскеу немесе Армения билігі тарапынан әзірге түсініктеме берілген жоқ.