Ресей Қазақстаннан жеткізілген 30 миллион рубльдік электрониканы тәркіледі

49

Munarmedia.kz 14.10.2025 жыл /Астана/-Ресейдің Қорған облысында мобильді кедендік топ Қазақстаннан келген жүк көлігінен ірі көлемдегі электрондық техниканы ұстады. Бұл жөнінде Урал кеден басқармасы хабарлады.

Көліктің жүк бөлігіне жүргізілген тексеріс кезінде кеденшілер заңсыз әкелінген болуы мүмкін электрониканы анықтаған. Тізімде ноутбуктар, VR-көзілдіріктер, смарт-сағаттар, құлаққаптар және «Apple», «Nvidia» секілді әлемге танымал брендтердің басқа да құрылғылары бар.

Құжаттар бойынша бұл тауарлар Мәскеуге, ресейлік алушыларға жеткізілуі тиіс болған. Алдын ала есеп бойынша тәркіленген техниканың жалпы құны 30 миллион рубльден асады.

Алайда кеден қызметі тауардың Еуразиялық экономикалық одақ аумағында ресми декларацияланғанын растайтын құжаттардың болмағанын анықтаған. Қазір бұл дерек бойынша тергеу тексерісі жалғасуда.