Ресей шекарасында қазақстандық дрон тасушы ұсталды

64


Munarmedia | Қауіпсіздік | 2025 ж. қыркүйек. Қазақстаннан Ресейге бағыт алған ГАЗель көлігі Ресейдің Самара облысы маңындағы «Сагарчин» өткізу бекетінде ұсталды. Көлік ішінде – 34 бірлік дрон, оның ішінде FPV-дрондар, дистанциялық басқару пульті бар квадрокоптер, сондай-ақ «Ключ-Фортуна» деп аталатын екі ұшқышсыз ұшу құрылғысы табылған.

Тауар құжатта мүлде көрсетілмеген. Осы себепті ресейлік кеден қызметі жүкті дереу тоқтатып, тергеу амалдарын бастады.

Көлікті басқарған азамат дрондардың бәрі жеке меншігі екенін, оларды видеотүсірілім үшін пайдаланатынын айтқан.

Бірақ кеден қызметі бұл сөзге сене қоймады. Себебі жүктердің сипаттамасы мен көлемі қарапайым әуесқой қолданушыға тән емес.

Алдын ала мәлімет бойынша:

  • 2 дрон – ұшақ тәрізді БПЛА, яғни жүк тасымалдауға бейімделген (жүк салмағы – 5 кг дейін);

  • 1 дрон – барлау құрылғысы (визуалды бақылауға арналған);

  • 32 жинақ – кішігірім дрондарды құрастыруға мүмкіндік беретін бөлшектерден тұрады, конструкциясы жүк түсіруге бейімделген.

Бүгінгі күні дрондар – ойыншық қана емес. Олар барлау, фототүсірілім, логистика, тіпті әскери мақсатта да кеңінен қолданылып келеді. Сондықтан бір адам иелігінде бірден 30-дан астам ұшқышсыз аппарат болуы кеден қызметіне күмән тудырғаны заңды.

Қазіргі таңда жүктің нақты мақсат-міндеті мен техникалық сипаттамасы бойынша сараптама тағайындау мәселесі қаралуда.

Бұл оқиға – бір ғана азаматтың дроны емес, аймақтық қауіпсіздік, трансшекаралық бақылау, және ең бастысы – ҰШҰ (ұшқышсыз ұшу аппараттарын) заңдастыру мәселесін күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда ҰШҰ-ға қатысты талаптар мен тіркеу ережелері бар, бірақ олар әлі де жетілдіруді қажет етеді. Шекара арқылы өткен кезде құжаттамасыз дрондарды алып жүрутехникалық қылмыс қана емес, сонымен қатар мемлекетаралық сенімділікке нұқсан келтіретін фактор.